Кір пернетақта қандай ауруларға шалдықтыруы мүмкін? – дәрігер ескертті

/
Кір пернетақта қандай ауруларға шалдықтыруы мүмкін? – дәрігер ескертті
сурет: istockphoto.com

Компьютер пернетақтасын уақытылы тазаламау аллергиялық реакцияларды қоздырып, тіпті бронхиалды астмаға дейін асқындыруы ықтимал. Бұл туралы ресейлік дәрігер Надежда Логина жергілікті «Абзац» басылымын берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Маманның сөзінше, қауіп тобына иммунитеті әлсіз және сыртқы орта факторларына сезімтал адамдар кіреді. Егер ағзаның қорғаныс жүйесі бұзылса, бұрын зиянсыз болып көрінген шаң-тозаң да аллергиялық жауап тудыруы мүмкін.

Дәрігер шаң-шаң заттар, соның ішінде пернетақта бұрыннан бар аллергияны ушықтырушыға айналатынын атап өтті. Аллергендердің өзі патогенді болмаса да, иммундық жүйе оларға шамадан тыс жауап беріп, қабыну процесін бастайды.

Мәселенің алғашқы белгілеріне аллергиялық ринит, суық тиюмен байланысты емес тұрақты мұрын бітелуі және шырышты қабықтан бөлінділер жатады. Уақытында ем қолданбаса, жағдай асқынып, бронхиалды астмаға ұласуы мүмкін.

Мамандар жұмыс орнындағы гигиенаға назар аударуға кеңес береді: пернетақта мен тінтуірді жүйелі түрде тазалау, шаңды сүрту және бөлмені желдету аллергия қаупін азайтуға көмектеседі. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары