Теннисші Анна Данилина әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

/
Теннисші Анна Данилина әлемдік рейтингте жоғары көтерілді
olympic.kz

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының жұптық сындағы көшбасшысы Анна Данилина WTA әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңартылған тізімде қазақстандық теннисші бір саты жоғарылап, қазір алтыншы орында тұр. Бұл - оның мансабындағы ең үздік көрсеткіш.

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үшінші орнын сақтап қалды.

Сондай-ақ үздік ондықтың қатарында Александр Бублик те бар. Ол оныншы орынға тұрақтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары