«Көзіне жас алды»: Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады (ВИДЕО)

/
«Көзіне жас алды»: Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады (ВИДЕО)
Коллаж: turkystan.kz

Белгілі кәсіпкер,  inDrive сервисінің негізін қалаушы Арсен Томский Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі әрі алғашқы бапкері Станислав Шайдоровқа Audi Q8 маркалы автокөлігін сыйлады. Бұл туралы кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәсіпкердің айтуынша, Станислав Шайдоров – ұлының жеңісінің бастауында тұрған, орасан еңбегі сіңген жан.

«Мен Audi Q8 көлігін Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың әкесі – Станислав Шайдоровқа сыйладым. Ол – алғашқы бапкері әрі осы тарихи жеңістің бастауында тұрған адам. Михаил Қазақстанда және оның шегінен тыс миллиондаған адамды шабыттандырған керемет, тарихи өнер көрсетуі арқылы алтын медаль жеңіп алды. Алайда бұл триумфтың артында күнделікті еңбек, темірдей тәртіп пен өзін-өзі құрбан етуге толы ұзақ жылдар жатыр», – деп жазды кәсіпкер.

Сондай-ақ ол кезінде Станислав Шайдоровтың ұлының спорттағы жолын қолдау үшін өз көлігін сатуға мәжбүр болғанын атап өтті.

«Бір кездері Станислав Александрович ұлының шыңға жету жолын қолдау үшін өз көлігін сатып жіберген. Бұл оқиға маған өте жақын. Мен де екі рет өз көлігімді сүйікті ісім үшін саттым: бірде қиын кезеңде командамның жалақысын төлеу үшін, енді бірде қаржы жетіспеген кезде Якутия құрамасын киберспорт чемпионатына жіберу үшін сатқан болатынмын», – дейді кәсіпкер.

Көлікті табыстау рәсімі кезінде Михаилдың әкесі эмоциясын жасыра алмаса керек.

«Көлікті тапсыру сәтінде Станислав Александрұлы көз жасына ерік берді. Бұл – ұлымен бірге ұзақ жолдан өткен, сенімінің Олимпиада алтынына айналғанын көрген адамның көз жасы», – деп жазды ол.

Жазба соңында Арсен Томский үлкен жеңістің бастауы – сенім екенін айрықша атап өтті.

«Әрбір чемпионның артында бір күні “Мен саған сенемін” деген адам тұрады. Ұлы жеңістер әрқашан сенімнен басталады. Шайдоровтар отбасына және бүкіл Қазақстанға жаңа жеңістер, қуаныш пен мақтанышқа толы сәттер тілеймін!» – деп түйіндеді кәсіпкер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары