«Ажырасып кетіпті»: Жұлдызай Дүйсенбиева тараған қауесетке жауап берді

/
«Ажырасып кетіпті»: Жұлдызай Дүйсенбиева тараған қауесетке жауап берді
Видеодан скриншот

Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева El.kz порталына берген сұхбатында жеке өмірі мен денсаулығына қатысты тараған түрлі қауесеттерге түсініктеме берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Актрисаның айтуынша, журналистерге берген кейбір пікірлері бұрмаланып, желіде шындыққа жанаспайтын ақпарат тараған.

«Журналистерге бір нәрсе айтсаң, оны әртүрлі бұрып, сайттарға жариялай салады ғой. Бір эмоциямен жазғанымды әр сайт әртүрлі беріп жатады. Мысалы, бір журналистке "ұшақта ұша алмаймын, денсаулығыма байланысты" деп айтқан едім. Ертеңінде "Жұлдызайдың жағдайы нашар, ауыр дертке шалдыққан" деген ақпарат тарап кетті. Алыс-жақын шетелден адамдар хабарласып, жағдайымды сұрады, тіпті кей кәсіпкерлер "ақшасын айт, емделіп ал" деп ұсыныс жасады», – деді актриса.

Сондай-ақ өнер иесі денсаулығына қатысты жағдайдың аса күрделі емес екенін айтып, қазір толықтай жазылып кеткенін жеткізді.

«Ауру ауыр емес, әр адамда кездейсоқ болатын нәрсе ғой, қазір жазылып кеттім», – деді ол.

Бұдан бөлек, актриса жеке өміріне қатысты да тараған қауесетке нүкте қойды.

«Сол сияқты желідегі бір жазбама қарап "ажырасып кетіпті" деп шулы ақпарат тарады. Шындық – әзірге ажырасқан жоқпыз», – деп түйіндеді Жұлдызай Дүйсенбиева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары