Қазгидромет қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын жариялады

/
Қазгидромет қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын жариялады
istockphoto

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

— 2026 жылғы 24 ақпанда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Астана, Орал, Ақтөбе қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары