«Басқа етіп жаратқан»: Әнші Роза Әлқожа қызының ерекше қасиеті туралы жазды

/
«Басқа етіп жаратқан»: Әнші Роза Әлқожа қызының ерекше қасиеті туралы жазды
видеодан алынған скрин

Өнер жұлдызы әлеуметтік желіде кенжесін туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бүгін біздің үй ең кенжесі, ең ақылдысы, данасы, ханшайымы 11 жасқа толды. Туғаннан өзі ерекше көзқарасы бар осы қыз екі-үш жасында өз колготкиін өзі киетін. Жас ұлғая келе жалқау тарта бастайсың ғой. Шамаң да шамалы. Құдай осы қызды анасына қамқор болсын деп басқалардан басқа етіп жаратқан сияқты?! Өте сезімтал, еңбекқор, алғыр. Тамақты да, тәтті-пәттіні де пісіре береді. Жан жақты, эрудит. Психологиядан да хабары бар, ерте жетіліп жатқан бала. Тек Алла ғұмырын ұзақ етсін! Кіндік анасы белді дәрігер - Райхан Сәмединқызы. Кішкентайында филолог, профессор Салтанат Айбергенова мен Айнұр Тұрсынбаева бесікке салған. Тұсауын өнердің жарық жұлдызы Жұлдызай кескен. Сіздер де құттықтап, жылы тілек арнап қойыңыздар. Кеше түннен бері кім құттықтағанын айтып, бәрін санап жүр», – деп жазды Роза Әлқожа. 

Желі қолданушылары ақжарма тілегін жарыса жазды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары