"Астана – Атбасар" тас жолында 5 адам қар құрсауынан құтқарылды

/
"Астана – Атбасар" тас жолында 5 адам қар құрсауынан құтқарылды
Baq.kz

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты «Астана – Атбасар» тас жолының 96-шақырымындағы жол айрығында бірнеше жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде 5 жолаушы, оның ішінде бір бала эвакуацияланды. Сондай-ақ екі жеңіл көлік жолдың қауіпсіз бөлігіне сүйреп шығарылды.

Эвакуацияланғандардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмаған. Көмек көрсетілгеннен кейін олар сапарын жалғастырды.

Төтенше жағдайлар қызметі жүргізушілерге боран мен қатты жел кезінде қозғалысқа қойылған шектеулерді сақтауға, жабық жолдарға шықпауға және жол жағдайы туралы ресми ақпаратты қадағалап отыруға кеңес береді. Төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне хабарласу қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары