«Бақытты болуға лайықсың»: Махаббат туралы ән орындаған Мөлдір Әуелбекова сахнада жылап қалды (ВИДЕО)

/
«Бақытты болуға лайықсың»: Махаббат туралы ән орындаған Мөлдір Әуелбекова сахнада жылап қалды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова гастрольдік сапарларының бірінде «Арман алдамайды» әнін орындау барысында көзіне еріксіз жас алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі әсерлі сәттен бейнежазба жариялап, жеке парақшасында бұл әннің өзіне ерекше эмоция сыйлағанын жеткізді.

Оның айтуынша, ән орындау кезінде өткен өмірдегі сәттер еске түсіп, сезімге берілген. Сондай-ақ сахнада отырған әншінің ата-анасы да қызына қосылып, көздеріне жас алған.

«Әнде эмоция өмір сүреді екен. Сезім – сиқыр. Қайдағы жоқты еске түсіріп», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің жан дүниесін түсініп, жылы лебіздерін білдірді.

Көпшілік Мөлдір Әуелбековаға қолдау көрсетіп, бақыт тіледі.

«Жыламаңыз, бақытты күніңіз көп болсын», «Сізбен бірге біз де жыладық», «Ата-ана баласының көз жасына шыдай алмайды», «Бұл әнді сезінбей айту мүмкін емес», «Сіз бақытты болуға лайықсыз» деген пікірлер қалдырды.

Алайда кейбір оқырман әншінің сахнада жиі жылауын құп көрмейтінін айтып, түрлі пікір білдірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары