ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты үш өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.
22 ақпан сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда барлық автокөлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:
Қостанай облысы:
– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, км 252 – 377 (Ұлытау облысының шекарасынан – Арқалық қаласына дейін);
– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, км 340 – 377 (Арқалық қаласынан – Ақмола облысының шекарасына дейін);
Ұлытау облысы:
– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, км 137 – 252 (Ұлытау қаласынан – Костанай облысы шекарасына дейін);
– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» 64 – 137 шақырым аралығында (Жезді ауылынан Ұлытау кентіне дейін);
Ақмола облысы:
– «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, км 377 – 552 (Қостанай облысының шекарасынан – Сұрған ауылына дейін).
Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 23 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.