Алматыда 28 жастағы жігіті қар көшкіні басып қалды

/
Алматыда 28 жастағы жігіті қар көшкіні басып қалды
istockphoto

Алматыда Шымбұлақ тау-шаңғы курорты аумағында 28 жастағы жігітті қар көшкіні басып қалды, деп хабарлайды ТЖМ.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәлімет бойынша, бүгін 112 пультіне "Сухой Логтың" трассадан тыс аумағында қар көшкіні жүріп, 1998 жылғы ер адамды басып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына дереу Алматы қаласы ТЖД 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің қызметкерлері мен Шымбұлақ курортының құтқарушылары жіберілген.

Құтқару қызметтерінің жедел және кәсіби әрекеттерінің арқасында зардап шеккен адам тез арада табылып, қар астынан шығарылған.

Оған алғашқы көмек көрсетіліп, одан әрі тексеру үшін "Шымбұлақ" медициналық пунктіне жеткізілген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары