Алматы тауларында қар көшкені жүруі мүмкін учаскелерде блок-бекеттер қойылды, деп хабарлайды ТЖМ.
Ведомствоның мәліметінше, Алматы қаласының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр.
Осыған орай ТЖМ азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, таулы аймақтарға барудан уақытша бас тартуды ұсынады.
Сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар көшкіні жүруі мүмкін учаскелерде блок-бекеттер қойылғаны туралы хабарлайды.
"Таулы аймақтарға баруды жоспарлау кезінде қалыптасқан ауа райы жағдайларын және уәкілетті қызметтердің ресми ескертулерін ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Алматы қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі дүйсенбі, 23 ақпанда қалада тұман күтілетінін және таулы аумақтарда желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейетінін ескертті. Синоптиктер қолайсыз күн райына байланысты дауылдық ескерту жариялаған.