Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаушылардың гала-кешінде көрермендерге нағыз тосынсый жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның гала-кеште Кунг-фу панда кейпінде билеген өнеріне әйгілі актер Джеки Чан тәнті болып, мұз айдынының қасында оған иіліп, ілтипатын білдіріп, жұмсақ ойыншықтар сыйлады.
Шайдоров миллиондаған жанкүйердің кумирімен қалай танысқанын айтып берді.
«Барлығы мүлде күтпеген жағдайда болды. Аренаға келгенімде маған Джеки Чан қонақтардың арасында екенін айтты. Әрине, мен бұл мүмкіндікті бірден пайдаланып, жанына барып, бірге суретке түстім. Ол мені жеңіспен құттықтады, мен оны өзімнің гала-кештегі нөмірімді көруге шақырдым. Ол қуанау келісетінін айтты. Кейін ұйымдастырушылармен оның финалда мұзға шығу мүмкіндігін талқыладық», – дейді Михаил «Qazsport» телеарнасына берген сұхбатында.
Концерт аяқталған соң екеуі бірге суретке түсіп, өзара әңгімелесті.