Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ жаңа Конституция жобасына арналған сарапшылар талқылауында конституциялық құндылықтардың тұрақтылығы туралы сөз етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
“Халықаралық шарттардың ел аумағында қолданылу механизмін заң арқылы белгілеу арқылы біз құқықтық айқындықты анықтап береміз және іргелі конституциялық құндылықтардың тұрақтылығын сақтаймыз. Кепілдіктерді, азаматтарымыздың құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етеміз. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, біз заң, міне, халықаралық шартты міндеттемелердің ратификациялауға дейін сұрақта болатын болса, Конституциялық сот арқылы олардың Конституцияға сәйкес келетіні туралы тұжырым жасата аламыз”.