Бақыт Злобин: Адамға бағдарланған даму бағыты

/
Бақыт Злобин: Адамға бағдарланған даму бағыты

Бақыт Злобин,    
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 
Қорытынды-талдау секторының бас сарапшысы:

Адамға бағдарланған даму бағыты

– Жаңа Конституция жобасы­ның басты ерекшелігі – мемле­кет­тің адамға бағдарланған сипатын күшейтуінде. Құжатта адам құқық­тарын нақты қорғау, сот арқылы қор­ғану тетіктерін кеңейту және мем­лекеттің әлеуметтік жауапкер­ші­лі­гін айқындау басым бағыт ретінде бекітілген. Мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілік қағидаты инс­титуционалдық деңгейде нақтыланады.
Жобада ел дамуының құндылықтық негізі де айқын­дал­ған. «Әділетті Қазақстан», заң үстемдігі мен құқықтық тәр­тіп, жалпыұлттық бірлік, адам капиталы, білім, ғылым және ин­новация стратегиялық басымдық ретінде көрсетілген. Бұл даму моделінің сапалы білім мен ғылыми әлеуетке сүйе­не­тінін білдіреді. Сонымен бірге егемендік, тәуелсіздік, аумақ­тық тұтастық және басқару нысанының өзгермейтіні нақты әрі қатаң бекітіледі.
Институционалдық жаңашылдықтар қатарында Құрыл­тайдың жоғары өкілді орган ретінде айқындалуы, Вице-Пре­зи­дент институтының енгізілуі және Конституциялық Сот рөлінің күшеюі бар. Бұл өзгерістер билік жүйесін тиім­дірек ұйымдастыруға бағытталған.
Жоба құқықтық мемлекет қағидатын да тереңдетеді. Қа­зақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеу­меттік мемлекет ретінде нақтыланып, «Заң және Тәртіп» ұстанымы іргелі қағидат ретінде бекітіледі. Азаматтарға өз құқықтарына тікелей әсер ететін нормативтік актілердің конституциялылығын Конституциялық Сотта даулау мүм­кіндігі берілуі – құқықтық қорғауды күшейтетін маңызды қадам. Сонымен қатар Конституция нормаларының тікелей қолданылуы, заңдардың кері күшінің болмауы және нор­мативтік актілерді ресми жариялау талаптары құқықтық ай­қындықты қамтамасыз етеді.
Конституциялық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету үшін кешенді бақылау тетіктері қарастырылған. Конс­титуциялық Соттың шешімдері міндетті сипатқа ие болады. Соттар да заң нормасының Конституцияға сәйкестігіне кү­мән туған жағдайда Конституциялық Сотқа жүгінуге мін­детті. Бұған қоса, Үкіметке сенімсіздік білдіру және жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты арнайы рәсімдер секілді сая­си жауапкершілік институттары сақталады.
Жоба халықаралық құқық стандарттарымен үйлесімді. Адам құқықтары, кемсітушілікке тыйым салу, сот арқылы қор­ғалу кепілдіктері сақталған. Әлеуметтік құқықтарға, со­ның ішінде еңбек ету, қауіпсіз және әділ еңбек жағдайлары­на құқыққа ерекше мән беріледі. Сондай-ақ цифрлық дәуір та­лап­тарына сай жеке деректер мен байланыс құпиясын қор­ғау мәселесі де ескерілген.
Қорытындыласақ, жаңа Конституция жобасы мем­лекеттік тұрақтылықты сақтай отырып, заң үстемдігі мен адам құқықтарының басымдығына негізделген даму моде-лін қалыптастыруға бағытталған деп сеніммен айтуға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары