Рэпер Qarakesek-ке қатысты сот үкімі шықты

/
Рэпер Qarakesek-ке қатысты сот үкімі шықты

Елге белгілі рэпер Qarakesek (Омар Аманбаев) психотроптық затты заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот отырысына ол мәжбүрлі түрде жеткізілді. Соңғы сөзінде өнер иесі кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірген. Сондай-ақ соттан бас бостандығынан айырмауды сұрап, емделуге мүмкіндік беруді өтінген.

Ақтөбе қаласы №2 сотының судьясы Тұрсынхан Салықовтың айтуынша, сот Qarakesek-ке 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту және есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі ем қабылдау жазасын тағайындаған.

Рэпер қыркүйек айының басында ұсталған. Тексеру кезінде оның жанынан ұнтақ тәрізді зат салынған түйіншек табылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары