Желіде Михаил Шайдоровтың сүйіктісіне қатысты ақпарат тарады

/
Желіде Михаил Шайдоровтың сүйіктісіне қатысты ақпарат тарады

Биылғы қысқы Олимпиаданың чемпионы атанған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың сүйіктісі Қазақстан құрамасының көркем гимнастика мүшесі Айслу Мурзағалиева болуы мүмкін, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың сүйіктісі — көркем гимнаст Айслу Мурзағалиева. Қыз спорт сүйер қауым ортасында баяғыдан белгілі, өзі де жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Айслу Ресейдің курортты қаласы — Сочиде дүниеге келген. 9 жасында көркем гимнастикамен айналыса бастаған. Жасөспірім шағында-ақ Ресейде әртүрлі деңгейдегі турнирлерде жүлделер ала бастады. 2015 жылы Айслу Алматының Ашық біріншілігіне келіп, “алтын” медаль жеңіп алды. Бұл жеңіс шешуші кезең болды, өйткені дәл сол кезде оны қазақстандық мамандар байқап қалды. Турнирден кейін Қазақстан құрамасы қызға еліміздің туы астында өнер көрсетуді ұсынды. Айслу келісіп, 2015 жылдың қарашасында Астанаға көшіп келді. Ол жерде “Жұлдыз” мектебінде жаттығып, қысқа уақытта ең жарқын тәрбиеленушілердің біріне айналды. Әлем кубогы кезеңдерінде оның еншісінде — бір күміс және төрт қола медаль бар. 2022 жылы Қазақстан құрамасының сапында Айсулу құрсаумен (обручпен) орындалатын бағдарламада Азия чемпионатының “алтын” медалін жеңіп алды», — деп жазды Taby.nu инстаграм парақшасының иелері.

 Айта кетейік, Шайдоровтың бұл жолғы жүлдесі Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада тарихындағы алғашқы «алтыны».

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары