Мәжіліс депутаты, Конституциялық комиссия мүшесі Ермұрат Бапи Астанада өтіп жатқан «Референдум–2026» онлайн-марафонында конституциялық реформалар ел өміріне қажеттіліктен туындаған қадам екенін айтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бұл – қоғамда 15-20 жыл көлемінде айтылып келе жатқан мәселе. Унитарлы ел болғандықтан, Қазақстанның Парламенті бір палаталы болуы керек деген талап та айтылды, өзгеріс енгізу керек деген ұсыныс та болды. Дамудың жаңа деңгейіне жеткен елдің өміріне қажеттіліктен туындаған және жүзеге асып жатқан қадам деп бағалауымыз қажет», – дейді депутат.