Үнзила Шапақ: Жаңа Конституция жобасындағы басты құндылық – адами капитал

Үнзила Шапақ: Жаңа Конституция жобасындағы басты құндылық – адами капитал
Видеодан скриншот

Мәжіліс депутаты әрі Конституциялық комиссия мүшесі Үнзила Шапақ Астанада өтіп жатқан «Референдум–2026» онлайн-марафонында жаңа Ата заң адам игіліктеріне бет бұрған жоба екенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Соңғы ғылыми жетістіктерді сараласақ, ғылыми шығармалардың 27,4 пайызы коммерцияланды. Соның нәтижесінде 118 млрд-тан астам қаржы түскен. Мұның өзі дәлел болады. Ғылым, білімге капитал салсақ, біздің мемлекетіміздің байлығы адам капиталы арқылы ғана өлшенеді. Бұл Конституция жобасы – адам игіліктеріне бет бұрған жоба. Адам құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуын нақты бекіттік. Нақты құндылық – адами капитал. Адамның құндылығы – білім, ғылым, инновациялық жетістіктер», – дейді депутат.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары