Жаңа Конституция жобасындағы әр норма тәуелсіздікті қорғауға бағытталған – Жанарбек Әшімжан

Жаңа Конституция жобасындағы әр норма тәуелсіздікті қорғауға бағытталған – Жанарбек Әшімжан
видеодан скриншот

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжан Астанада өтіп жақан «Референдум–2026» онлайн-марафонында жаңа Конституцияның әр нормасы тәуелсіздікті қорғауға бағытталғанын баса айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

— Ең ұлы жауапкершілік – тәуелсіздікті қорғау. Мұны Мемлекет басшысы, сәт сайын, сағат сайын айтып жүр. Тәуелсіздіктің тамырына балта шабуға жасалған қадамның барлығы түбегейлі заңнамалық тұрғыдан талқандалу керек. Жаңа Конституция жобасының 1-бабынан бастап, бүкіл 11 бөлім, 96 бап, 320 тармақтың барлығы тәуелсіздікті қорғауға бағытталған. Әдеби, мәдени, рухани, ғылыми тұрғыдан бастап, экономикалық тәуелсіздік, саяси тәуелсіздік, азаматтардың ар-ождан бостандығы, шекаралық тәуелсіздік, өзге елдермен қарым-қатынас — мүның барлығы тәуелсіздікті қорғауға бағытталған. Мұның бәрі жаңа Конституция жобасында қамтылған. Меніңше, бұл –  жаңа бір тарихи кезеңнің бастауы, — деді депутат.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары