Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Астанада өтіп жақан «Референдум–2026» онлайн-марафонында жаңа Конституцияның Преамбуласын өзгерту себебін түсіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Отыз жылдың ішінде заман өзгерді. Жаңа қазақ мемлекеттігін қалайтын жастар пайда болды. Отыз жылдың ішінде қазақтың жаңа саяси ұрпағының пайда болуына байланысты Қазақстан Конституциясының Преамбуласын өзгерту қажет болды. Өйткені, отыз жылдың ішінде қазақтың салт-дәстүрін, ежелден келе жатқан пассионарлық күшін және сонымен бірге қазақтың сол заманда дүниені дүр сілкіндірген пассионарлық күштің мирасқоры екеніне тарихи дәлелдер пайда болды. Міне, сол тарихи дәлелдерді негізгі заңға енгізу – бүгінгі таңдағы өмір заңдылығы әрі өте өзекті. Сондай-ақ болашақ ұрпақ тәуелсіз Қазақстанды ары қарай алып жүруі үшін үлкен күш керек. Міне, сол күш Конституция жобасының Преамбуласында пассионарлық рухта жазылған», – дейді депутат.