Жаңа Конституцияның Преамбуласы түсінікті әрі нақты жазылған — саясаттанушы

Жаңа Конституцияның Преамбуласы түсінікті әрі нақты жазылған — саясаттанушы
видеодан скриншот

Астанада өтіп жақан «Референдум–2026» онлайн-марафонында саясаттанушы Индира Рыстина Жаңа Конституция жобасының Преамбуласының нақты әрі жан-жақты жазылғанын баса айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Саясаттанушының сөзінше, Конституция кіріспесінің мәтіні барлығына түсінікті.

«Преамбуланың не екенін және оны өмірде қалай пайдалануға болады деген сұраққа былай жауап беруге болады. Мысалы, оқушыға «Біз кімбіз?» деген сұрақ қойса, оған ел ішінде де, шетелде де Конституцияның преамбуласын көрсетсе болғаны. Мұнда біздің тарихымыздың бар екені, қандай қоғамда өмір сүріп жатқанымыз және қандай принциптерге сүйене отырып, қандай қоғам құрғымыз келетіні жазылып тұр. Егер осы ұстанымдарды әр бала кішкентай кезінен бастап бойына сіңіріп өссе, онда Конституцияның талаптары да орындалады деген сөз. Яғни, Преамбулада біздің басты назарда ұстайтын басымдықтарымыз қандай екені көрініп тұр.

Негізі әр елдің Преамбуласы әртүрлі болады. Ол жерде қай ел болса да, өзінің тарихы, қай бағытты бет алғаны және қандай мемлекет құрғысы келетіні туралы айтылады. Кейбір мемлекеттер оны қысқа ғана жазады, ал кейбірі аңызға ұқсас әзірлейді. Бірақ Қазақстанда преамбула қарапайым тілмен, тіпті оқушыға да түсінікті етіп жазылған. Онда «Біз қайдан шықтық? Біз қандаймыз? Біз қайда бара жатырмыз?» деген негізгі сұрақтарға нақты жауап бар», — деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары