Қазақстанға адамның энергиясына негізделген экономика керек — Айдос Сарым

Қазақстанға адамның энергиясына негізделген экономика керек — Айдос Сарым
видеодан скриншот

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі әрі Конституциялық комиссия мүшесі Айдос Сарым Астанада өтіп жақан «Референдум–2026» онлайн-марафонында жаңа Конституция жобасындағы өзгерістердің мəнін түсіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның пікірінше, Қазақстан жаңа бір дәуірге аяқ басты.

«Біз бір дәуірді аяқтады. Біз Қазақстандағы мұнай дәуірін аяқтадық. Мұнайды табу қала беретін шығар, бірақ дижитал заманының келуінің екінші жағы да бар. Бізге қазір мұнайдың энергиясына емес, адамның энергиясына негізделген экономика керек.

Біздегі қазір шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызға жетті. Бұл — үлкен жетістік. Бірақ бұдан да артуы керек. Сонда ғана біздің экономика да, біздің мемлекет те қарапайым халыққа тәуелді болады. Сол кезде ғана осының бәрі бір-бірімен астасып, бір-бірін қолдап жатады.

Жаңа Конституцияда үлкен бір өзгеріс бар. Бұрын «Биліктің қайнар көзі — халық» дейтінбіз. Енді біз «Егемендіктің де қайнар көзі мен қорғаны — халық» дейміз. Яғни, жауапкершілікті бөлетін, жауапкершілікті ортақ ететін дәуірге келдік», — дейді депутат. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары