Тамақты қай уақытта ішкен дұрыс?

/
Тамақты қай уақытта ішкен дұрыс?
сурет: istockphoto.com

Не жейтініңіз ғана емес, қашан жейтініңіз де маңызды. Тайвань ұлттық университеті жүргізген ірі мета-талдау нәтижесі бойынша, негізгі калорияны күннің бірінші жартысында қабылдау салмақты азайту мен қандағы қант деңгейін бақылауда анағұрлым тиімді. Зерттеу BMJ Medicine журналында жарияланған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғалымдар әлем бойынша жүргізілген рандомизацияланған клиникалық зерттеулердің деректерін талдаған. Нәтижесінде таңғы 8:00-ден кешкі 16:00-ге дейін ерте тамақтану салмақ тастау, глюкоза деңгейін тұрақтандыру және инсулинге сезімталдықты арттыруда ең жақсы нәтиже көрсеткен.

Ал кеш тамақтану әлдеқайда тиімсіз болып шыққан. Егер тамақтану уақыты ұзаққа созылса, метаболизм көрсеткіштері тіпті нашарлаған.

Зерттеушілер мұны адамның биологиялық сағатымен түсіндіреді. Ағзаның зат алмасу жүйесі энергияны күндіз, жарық уақытта өңдеуге бейімделген. Кешке қарай глюкоза мен майды ыдырату қабілеті төмендейді. Яғни бірдей калория әртүрлі уақытта әртүрлі әсер береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары