«Жүрегі жұмсақ»: Роза Әлқожа өзбекстандық әншіге сый жасады (ВИДЕО)

/
«Жүрегі жұмсақ»: Роза Әлқожа өзбекстандық әншіге сый жасады (ВИДЕО)

Қазақстанға Қарақалпақстан мен Өзбекстан еңбек сіңірген артисі Мақсат Өтемұратов келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осы оқиғадан хабардар әнші Роза Әлқожа қонаққа сый-құрмет көрсетіп, әлеуметтік желіде жылы лебіз білдірген.

«Кеш жарық! Алматыға Қарақалпақстан, Өзбекстан еңбек сіңірген артисі Мақсат Өтемұратов келген екен. Сәлем бере бардық. Сахнаның адамы болған соң құр бармай, ақ раушандар ұсындық. Жүрегі қандай жұмсақ болса, жаны да сондай жайдарлы жан екен. Қалжыңы бір бөлек әңгіме “Қаздардың қанатынданың” қазақша версиясын тыңдатып, ризашылығын алдық. Графигін біліп, аяқ астынан мудвидео да түсіретін болып шештік. Бәрі де Алланың қалауымен!», – деп жазды Роза Әлқожа. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары