Сенат Төрағасы: жаңа Конституция мемлекеттіліктің заманауи орнықты моделіне көшуді бекіте түседі

Сенат Төрағасы: жаңа Конституция мемлекеттіліктің заманауи орнықты моделіне көшуді бекіте түседі

Жаңа Конституцияның жобасы – қоғамның саяси жүйені терең жаңғыртуға қатысты сұранысының жарқын көрінісі. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев осындай пікір білдірді. Бүгін ол депутаттар, сарапшылар және аналитикалық қоғамдастық өкілдерінің басын қосып, дөңгелек үстел өткізді. Кездесудің басты тақырыбы – жаңа Конституция жобасын талқылау, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Конституциялық реформа – Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздегі саяси жүйені терең және жүйелі жаңғыртуға бағытталған бастамаларының заңды әрі дәйекті жалғасы. Жаңа Конституция жобасының негізі заң мен тәртіп қағидатына, азаматтардың мүдделері мен құқықтарына, сондай-ақ, табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға және орнықты даму бағдарына табан тірейді. Бұл – бекітілген нақты конституциялық нормалар арқылы Әділетті Қазақстан идеясын жүзеге асырудың айқын көрінісі», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат Төрағасы сарапшылар қауымдастығын Мемлекет басшысының жаңғырту күн тәртібі аясында бірігуге шақырды. Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев ұсынылған өзгерістер ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары