Жұмыстан қажыған Amazon компаниясының басшысы фермаға көшіп кеткен

/
Жұмыстан қажыған Amazon компаниясының басшысы фермаға көшіп кеткен
сурет: businessinsider.com / Andrew Miller

Жұмыстан қажыған Amazon компаниясының басшысы фермаға көшіп кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz businessinsider.com-ға сілтеме жасап.

Эндрю Миллер ұзақ жылдар бойы тынымсыз режимде жұмыс істеді: таңғы төртте тұрып, аптасына 70 сағатқа дейін еңбек еткен. 50 жасқа келгенде ол өмірін түбегейлі өзгертуге шешім қабылдап, Amazon-дағы қызметінен кетіп, қызғалдақ өсірумен айналыса бастады.

Миллердің айтуынша, оны қажытқан ауыр еңбек емес. Корпоративтік мансапқа дейін ол АҚШ Әуе күштері мен Ұлттық гвардияда 14 жыл қызмет еткен.

«Қиын жұмыстан ешқашан қорықпағанмын», – дейді ол.

Басты фактор – отбасы болған. Алты баласы бар, оның екеуі аутизммен өмір сүретін Миллер уақыт өте келе өз өмір сүру салтына күмәнмен қарай бастаған.

Әскерде жүргенде кез келген сәтте әскери қақтығыс аймағына жіберілуі мүмкін екенін түсінген. Ал балалары өсіп келе жатқанда, отбасының оны қасында қажет ететінін сезінді. Әскерден кейін Amazon-ға жұмысқа тұрғанымен, корпоративтік өмірдің қарқыны да отбасынан алшақтатты.

«Балаларымды мүлде көрмей кеттім», – деп мойындайды ол.

Соңында Миллер мансап пен күйзелістің орнына тыныштық пен отбасыны таңдады. Бүгінде ол аумағы 17 футбол алаңымен пара-пар қызғалдақфермасының иесі. Дедлайн мен жиналыстардың орнына – маусымдық жұмыс пен жер. Бұл оқиға кәсіби күйіп кету адамдарды өмірін түбегейлі өзгертуге итермелейтінін және мұндай шешім кейде сәтті жаңа бастамаға айналатынын көрсетеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары