Қазақстандық боксшы Аман Қонысбеков Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2026халықаралық турнирінде жартылай финалдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Қонысбеков украиналық Юрий Захареевпен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен (4:0) жеңіс қазақстандық боксшыға берілді. Енді ол алтын медаль үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, Аман Қонысбеков — 2025 жылғы Азия чемпионатының 22 жасқа дейінгі жас санатында алтын жүлде иегері, ал Захареев — 2021 жылғы әлем чемпионы.