Жезқазғанда көлікті капоты ашық күйде жүргізген тұрғын жауапқа тартылды (ВИДЕО)

/
Жезқазғанда көлікті капоты ашық күйде жүргізген тұрғын жауапқа тартылды (ВИДЕО)
Polisia.kz

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер Сарыарқа көшесінде капоты ашық ВАЗ-21010 автокөлігін айдап келе жатқан жүргізушінің бейнежазбасын анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлері жүргізушіні тауып, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, мұндай әрекеттің жол қозғалысына қатысушылар үшін аса қауіпті екені түсіндірілді.

Полиция жүргізушілерді жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруге және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары