Семейде қоқыс контейнерінен жаңа туған баланың мәйіті табылды

Семейде қоқыс контейнерінен жаңа туған баланың мәйіті табылды

Семей қаласында қоқыс контейнерінен жаңа туған баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша хабарлама 3 ақпан күні Әуезов полиция бөліміне түскен. Тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлердің бірінен сүлгіге оралған нәрестенің денесі табылған.

"Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы шықты. Алғашқы тергеу әрекеттері барысында үй жағдайында босанған 20 жастағы қыз анықталды. Оның айтуынша, сәби өмір белгілерінсіз дүниеге келген", - деп мәлімдеді Абай облысы полиция департаментінен.

Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу аясында жаңа туған баланың денесін қоқыс контейнеріне тастаған қала тұрғыны да анықталған.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Нәрестенің мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданып, оқиғаға қатысы бар екі адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары