Ерлан Қарин: қолданыстағы Ата заңның кейбір тұстарын бірнеше рет қайталап оқысаңыз да, түсініксіз

Ерлан Қарин: қолданыстағы Ата заңның кейбір тұстарын бірнеше рет қайталап оқысаңыз да, түсініксіз

Мемлекеттік кеңесші, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның кезекті отырысында қолданыстағы Конституцияда жіберілген қателіктер туралы сөз етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Азаматтар Жаңа Конституцияның қажеттілігі мен маңыздылығын дұрыс қабылдауда. Ол, әрине, қуантады. Сондықтан оң пікір айтып, қолдау көрсеткен барша азаматқа комиссия мүшелері атынан алғыс айтамын. Әрине, басқаша пікір айтушылар да бар. Мысалы, арасында "Жаңа Конституцияны қабылдаудың қандай қажеттігі бар?" немесе "ескі Ата заң қала берсін" дегендер де кездеседі. Әр отырыста қоғаммен кері байланыс орнатып отырған соң, бұл сұрақтарға біржола жауап бергім келеді.

Алдымен 1995 жылы қабылданған қолданыстағы Конституциядан бір үзінді оқып берейін. Мысалы, қазіргі Ата заңның 10-бабы 1 тармағында былай деп жазылған: Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. Бұдан не түсінуге болады? Бұл бапты бір емес, бірнеше рет оқып берсем де, оқыған адам да, тыңдаған адам да, бұдан ештеңе түсінбейді. Неге? Себебі кезінде қазір қолданыстағы Ата заңда бірқатар өрескел қателіктер жіберілген еді.  Мұндай түсініксіз сөйлемдер мен орнықсыз сөздерді көптеген бап пен тармақтардан кездестірдік», - дейді Е.Қарин.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары