Қазақстан мен Пәкістан ғылым мен білім саласындағы байланысты нығайтуға уағдаласты

Қазақстан мен Пәкістан ғылым мен білім саласындағы байланысты нығайтуға уағдаласты
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Пәкістан бизнес-форумына қатысатындарын, жиында екі елдің 250-ден аса компания жетекшілері бас қосып, бірқатар коммерциялық құжатқа қол қойылатынын жеткізді.

«Бұл маңызды іс-шара нәтижелері өзара сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарға тың серпін беретініне сенемін. Сондай-ақ екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын дамыту мәселесін талқыладық. Еліміздің жоғары оқу орындарының танымалдылығы Пәкістан жастары арасында жылдан жылға артып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда мыңнан аса пәкістандық студент түрлі мамандықтар бойынша білім алуда. Осы ретте ғылым және білім саласындағы байланысты одан әрі дамытуға уағдаластық. Исламабад университеттерінде бүгін ашылған «әл-Фараби», «Сәтпаев» және «Ясауи» орталықтары екі елдің ғылым және оқу-ағарту салаларындағы ықпалдастығын нығайтатын болады», – деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары