Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Біржан ауылдық округіне қарасты Қуаныш ауылының тұрғындары ішімдіктен түгел бас тартты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қуаныш ауылы Зайсан ауданында ресми түрде тіркелген үшінші үлгілі ауыл атанып отыр. Бұл бастама құқық бұзушылықтың, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, сондай-ақ заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.
Бүгінде Қуаныш ауылындағы 80-нен астам үйде шамамен 370 адам тұрады. Ауыл тұрғындарының бұл шешімі жастарға нағыз үлгі болары сөзсіз.