ШҚО-да «Ауыл аманаты» жобасы аясында көлік жуу нысаны ашылды

ШҚО-да «Ауыл аманаты» жобасы аясында көлік жуу нысаны ашылды

«AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында Тарбағатай ауданы қарасты Ақжар ауылында жеке кәсіпкер Құралай Масалимова көлік жуу нысанын ашты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәсіпкер жоба шеңберінде 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие бағдарламасы арқылы 6 700 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау алды. Бөлінген қаражат толықтай мақсатты түрде игеріліп, көлік жуу қызметіне қажетті заманауи құрал-жабдықтар сатып алынды. Сонымен қатар нысанның сапалы жұмыс істеуі үшін қосымша құрылыс және жабдықтау жұмыстары жүргізілді.

Бүгінде жаңа кәсіпкерлік нысан толық іске қосылып, Ақжар ауылының тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетуде. Ауыл ішінде осындай қызмет түрінің ашылуы тұрғындар үшін уақыт үнемдеуге, қолайлы жағдай жасауға және жергілікті экономиканың дамуына оң әсерін тигізуде.

«Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындары үшін үлкен мүмкіндік деп санаймын. 2,5  пайызбен берілген жеңілдетілген несие өз ісімді бастауға және оны заманауи талаптарға сай дамытуға жол ашты. Мемлекет пен партия тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында кәсібімді кеңейтіп, ауылдастарымды сапалы қызметпен қамтамасыз етіп отырмын. Алдағы уақытта қосымша жұмыс орындарын ашу жоспарда бар», – дейді кәсіпкер Құралай Масалимова.

Айта кету керек, «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған. Ақжар ауылындағы жаңа нысан – осы бастаманың нақты нәтижесінің бірі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары