Ford зауыттарында маман тапшы: жалақы жоғары, бірақ жұмыс істейтін адам жоқ

/
Ford зауыттарында маман тапшы: жалақы жоғары, бірақ жұмыс істейтін адам жоқ
сурет: istockphoto.com

Ford зауыттарында жалақысы жылына 120 мың долларға дейін жететін бос жұмыс орындарына қарамастан, компания 5 мыңға жуық вакансияны әлі күнге дейін жаба алмай отыр. Бұл туралы автоконцерннің бас директоры мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz carscoops.com-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, тапшылық мамандықтың бәрінде байқалады: техник-механиктер, жүргізушілер, өндіріс жұмысшылары, сантехниктер мен электриктер жетіспейді. Жалақы жақсы болғанымен, жұмыс ауыр әрі күрделі. Мысалы, дизельді Super Duty пикабынан қозғалтқышты алып тастау үшін жоғары біліктілік қажет, ал мұндай деңгейге жету үшін кемінде бес жыл оқу керек.

Компания басшысы мәселенің түп-төркінін кәсіптік білім беру жүйесінің әлсіздігімен байланыстырады. Оның айтуынша, кәсіби-техникалық оқу орындары жеткіліксіз, ал болашақ мамандарды даярлауға инвестиция аз бөлінеді.

«Құдай сақтасын, егер соғыс бола қалса, Google бізге қажет ұшақтар мен танкілерді жасап бермейді», – деп түйіндеді ол.

Мамандардың жетіспеуі қазірдің өзінде салдар бере бастаған. Жөндеу жұмыстары баяулап, клиенттер наразы. Кейбір автосалондарда техниктерді бір дилерліктен екіншісіне уақытша ауыстырып, кадр тапшылығын жамап отырғаны айтылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары