Астанада төрт жасар бала әкесінің көлігін оталдырып, кафенің витринасына соғылды

/
Астанада төрт жасар бала әкесінің көлігін оталдырып, кафенің витринасына соғылды
Фото: instagram / astana__live24

Астанада төрт жасар бала әкесінің көлігін оталдырып, «Избушка» кафесінің витринасына соғылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елорда полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Оқиға 6 қарашада болған. Ер адам Daimler Chrysler маркалы автокөлігін қараусыз қалдырып, дүкенге кіріп кеткен. Осы уақытта оның ұлы көлікке отырып, қозғалтқышын оталдырған.

«Кәмелетке толмаған ұлы жүргізуші орнына отырып, оталдыру кілтін бұрған. Соның салдарынан көлік қозғалысқа келіп, кафелердің бірінің ғимаратына соғылып, терезесін зақымдаған», – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.

Көлік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Сонымен қатар ол ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ ер адам кафеге келтірілген шығынды өтеуге міндетті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары