Конституция стратегиялық қағидаттарды бекітеді – Эльвира Азимова

Конституция стратегиялық қағидаттарды бекітеді – Эльвира Азимова

Конституциялық комиссияның жетінші отырысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимова жаңа Конституция жобасының маңыздылығына және оның ел дамуындағы стратегиялық рөліне тоқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Конституция – мемлекеттің Ата заңы. Ол мазмұнына, құрылымына және баяндау логикасына қатысты жалпыға бірдей танылған халықаралық конституциялық тәсілдерге сәйкес қалыптастырылады», – деді Эльвира Азимова.

Сондай-ақ ол Ата Заңда мемлекеттік саясатқа, қоғамның дамуына қатысты негізгі қағидаттармен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдіктер де бекітілетінін атап өтті.

Комиссия төрағасы өз сөзінде Конституция нормаларын неғұрлым егжей-тегжейлі реттеу, әдетте, заңдар деңгейінде жүзеге асырылатынын айтты. Бұл – Ата заңды әзірлеудегі жалпыға ортақ тәжірибе.

Эльвира Азимова Конституция жобасында бекітілген өзгермейтін құндылықтарға да ерекше назар аударды.

«Егемендік пен Тәуелсіздік, унитарлық, аумақтық тұтастық және республиканың басқару нысаны өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылған», – деді ол.

Комиссияның келесі отырысының өтетін күні қосымша хабарланатын болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары