Жаңа Конституция жобасында ғылым мен білім саласына айрықша мән берілген – маман

Жаңа Конституция жобасында ғылым мен білім саласына айрықша мән берілген – маман

Қазір Қазақстанда жарияланған жаңа Конституция жобасы – елдің саяси жүйесін заман талабына сай жаңғыртуға және ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуға бағытталған стратегиялық құжат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси институттарды жетілдіру жөніндегі бастамалары аясында әзірленген бұл реформа басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа сипаттағы сенімді қалыптастыруды көздейді.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы ретінде атап өткім келеді: бұл – өзгерістер білім саласы мен жастар саясаты үшін жаңа мүмкіндіктер көзі. Ата заңның жаңа жобасында адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, өмір сүру құқығының абсолютті құндылық ретінде бекітілуі – біз тәрбиелеп отырған болашақ ұрпақ үшін ең басты құқықтық кепілдік.

Жобадағы билік тармақтарының теңгерімі мен сөз бостандығының жауапкершілікпен жүзеге асырылуы қоғамдағы демократиялық мәдениеттің деңгейін көтереді. Бұл, өз кезегінде, жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін нығайтуға және жас ғалымдардың, студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға қолайлы орта туғызады. Ашық әзірлеу процесі мен құқықтық тетіктердің күшеюі еліміздің халықаралық деңгейдегі беделін арттырып, білім мен ғылым саласына келетін инвестициялық тартымдылықты күшейте түспек.

Институционалдық тұрақтылық – сапалы білім беру мен кемел келешектің кепілі. Жаңа Конституция жобасы Әділетті Қазақстанның іргетасын бекітіп, әрбір жас азаматтың өз елінде еркін дамуына және болашағына нық сеніммен қарауына жол ашады.

Бектанов А.А.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі

білім беру факультетінің деканы

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары