"Жер тепкілесең де ештеңе өзгерте алмаймын": ММА шебері Асу Алмабаев жанкүйерлеріне үндеу жолдады

"Жер тепкілесең де ештеңе өзгерте алмаймын": ММА шебері Асу Алмабаев жанкүйерлеріне үндеу жолдады
жеке парақшасынан

Қазақстандық ММА шебері Асу Алмабаев 28 ақпанда Мехико қаласында өтетін UFC турнирінің басты кездесуіне неліктен қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Жағдай осылай, қолдан жарақат алып қалдық. Ұшуымызға 2 күн қалғанда, жарқат айтып келмейді. Жекпе-жектен ешқашан бас тартып көрмедім. Кіммен шықсам да, қандай жағдай болмасын, дайындық жақсы деңгейде болып жатқан. Болар іс болды, қанша жер тепкілесең де жайтты өзгерте алмаймын.

Бұл тұжырымда әлі 5 жекпе-жегім бар, жаңа келісім ұзартылған, әлі талай қызықты майдан күтіп тұр", - деп жазды спортшы.

Еске сала кетейік, Асу Алмабаев Ж28 ақпанда Мехико қаласында өтетін UFC Mexico турнирінің басты кездесуінде UFC экс-чемпионы Брэндон Мореномен кездесуге тиіс еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары