Адвокатураны қолдау азаматты қолдаумен тең: Адвокат Конституция жобасына адвокаттық қызмет туралы баптың енгізілуі туралы

Адвокатураны қолдау азаматты қолдаумен тең: Адвокат Конституция жобасына адвокаттық қызмет туралы баптың енгізілуі туралы

Конституцияның жаңа жобасында адвокатура институты алғаш рет Конституция деңгейінде бекітіліп, оның мақсатын сот қорғауы мен заң көмегіне құқықты іске асыруға жәрдемдесу ретінде анықтайды. Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Ақмарал Палмаханова мұны жай ғана норма емес, адвокаттардың құқықтық мемлекеттегі рөлін мойындау, оның тәуелсіздігі мен кәсіби қызметіне берілетін кепілдіктерді күшейту екенін баса айтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Адвокатураның мәртебесін – Конституция деңгейінде бекіту адвокаттар қауымдастығы үшін көп жылдан бері көтеріп келе жатқан мәселе. "Адвокаттар бұл бастаманы талай жыл бойы айтып, дәледеп, талап етіп келді. Бұл – жай ғана норма емес, адвокаттың құқықтық мемлекеттегі рөлін мойындау, оның тәуелсіздігі мен кәсіби қызметіне берілетін кепілдіктерді күшейту. Ең бастасы, бұл – тек адвокаттар үшін ғана емес, қоғам үшін қажет. Мықты әрі тәуелсіз адвокатура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нақты қорғалуына жол ашады.  Сонымен қатар, сот жүйесіне деген сенімін арттыратыны сөзссіз", – дейді адвокат.

Ақмарал Палмаханованың айтуынша, бұл қадам – құқықтық мемлекет құру жолындағы нақты ілгерілеу.

"Жуырда Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев 2026 жылғы қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайда бұл ұсыныстың маңызын тағы да атап өтті. Бұл Алқаның ұсынысы адвокаттардың ғана емес, ең алдымен азаматтардың құқытары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.  Ал Конституция – елдің болашағын  айқындайтын Ата заңымыз. Ең бастысы – бұл қадам құқықтық мемлекет құру жолындағы нақты ілгерілеу деп түсіненмін.
Адвокат – бұл жай ғана заңгер емес, ол азаматтың құқығын қорғайтын әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ететін маңызды тұлға.
 Жаңа Конституция жобасында адвокатура мен адвокаттық қызметке арналған жеке баптың енгізілуі – тарихи әрі көптен күткен қадам. Ал  адвокаттардың құқықтық мемлекеттегі рөлін мойындау – олардың тәуелсіздігін күшейту және азаматтардың білікті заң көмегіне қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Мен Коституцияға адвокаттың мәртебесін жеке норма ретінде енгізуді толық қолдаймын, себебі Адвокатураны қолдау азаматты қолдаумен тең", – дейді адвокат.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары