Елнұр Бейсенбаев: Мобильді әрі ықшамды Парламент формуласын таңдаудың маңызы зор

Елнұр Бейсенбаев: Мобильді әрі ықшамды Парламент формуласын таңдаудың маңызы зор

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында мобильді әрі ықшамды Парламент формуласын таңдаудың маңызы туралы ойын ортаға салды, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Қазақ халқының тарихында құрылтайдың орны да, жөні де бөлек. Біз мұны бірнеше рет айттық. Елдің сөзін ұстаған тұғырлы тұлғалар бас қосып, мемлекет үшін маңызды тағдыр шешімдерді алқалы жиында қабылдап келген. Біздің мақсатымыз жай ғана атауды өзгерту емес, тиімді жұмыс істейтін, экономикалық жағынан жан-жақты негізделген, халықтың өкілдік ету жүйесін құру", –  дейді депутат.

Депутат өз сөзінде құрылтайдың ықшамдылығы мен ұтымдылығы туралы сөз етті.

"Бұл орайда конституциялық комиссия қосымша бюджеттік шығындарға жол бермеуді барынша ескергенін атап өткен жөн. Бұл – өте маңызды қадам. Қоғамға берілген нақты ишара. Яғни, біз тек көбірек билік қалыптастырудан бойды аулақ ұстап отырмыз. Егер парламентарийдің санын стандартты Еуропалық формулаға сүйеніп, халықтың саны немесе аумақтық қағидат бойынша есептесек, онда құрылтайда 500-600 депутат болар еді. Әлемде ондай тәжірибелер бар. Мысалы, Еуропада депутаттар саны шамамен әрбір 25 мың адамға 1 парламентарий болуы керек деп есептесе, ал біздің жағдайымызда 140 мың адамға 1 депутат формуласы пайдаланылып отыр. Яғни, Қазақстанның болашақ құрылтайы Еуропалық стандартпен салыстырғанда бес есе аз ықшамдалған Парламент болады. Комиссия саналы түрде ықшамды әрі мобильді парламент формуласын таңдап отыр. Президент айтқандай, депутат санын көбейтпей, керісінше оңтайландырып отырмыз", дейді Е.Бейсенбаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары