«Күш – бірлікте» көшбасшылар клубының бағдарламасы 2026 жылғы қаңтар айында Глубокое ауданы прокуратурасының бастамасымен «Белоусовка орта мектебі №1» КММ базасында бастау алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жоба өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және заңға жауапкершілікпен қарауға бағытталған тиімді тетік ретінде әзірленді.
Бүгінгі таңда бағдарлама Глубокое ауданының білім бөлімінің барлық білім беру ұйымдарында табысты енгізіліп, көптеген білім алушыларды әлеуметтік маңызы бар, құқықтық-ағартушылық және шығармашылық қызметке кеңінен тартуда.
Жобаның негізгі мақсаты – білім алушылардың көшбасшылық құзыреттерін дамыту, әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында девиантты мінез-құлықтың алдын алу. Жобаны іске асыру Глубокое ауданының әкімі Тумашинов Эльдар Лұқбекұлының қолдауымен жүзеге асырылуда. Аудан әкімі заңға бағынатын, әлеуметтік жауапты жас ұрпақты тәрбиелеудегі жүйелі жұмыстың маңыздылығын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары мен білім беру жүйесі арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың қажеттілігін бірнеше рет атап өткен.

2026 жылдың 27 қаңтарында «Күш – бірлікте» көшбасшылар клубы жобасын іске асыру және «Заң және Тәртіп» айлығы аясында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының бастамасымен аудандық білім бөлімімен бірлесіп «Менің таңдауым – заң» атты аудандық театрландырылған байқау өтті. Байқауға ауданның барлық мектептері қатысып, іс-шараның жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуіне және білім беру ұйымдарының кеңінен қамтылуына мүмкіндік берді.
Байқау кәмелетке толмағандар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жарқын үлгісіне айналды. Театрландырылған қойылымдар арқылы оқушылар заңдылық, жауапкершілік және құқықтық тәртіпті таңдаудың маңыздылығын өз түсініктері арқылы көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
III орын — Предгорное №1 орта мектебі;
II орын — О. Бөкей атындағы қазақ орта мектебі;
I орын — Кожохово орта мектебі;
Гран-при — М. Ғабдуллин атындағы орта мектеп.
Іс-шара соңында Глубокое ауданының әкімі мен аудан прокуроры жеңімпаздар мен жүлдегерлерге салтанатты түрде мақтау қағаздарын табыс етіп, командалардың дайындық деңгейінің жоғары екенін, қатысушылардың шығармашылық көзқарасын және мұндай бастамалардың жастардың құқықтық тәрбиесіндегі маңыздылығын атап өтті.

«Күш – бірлікте» жобасының жүзеге асырылуы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы, Глубокое ауданының прокуратурасы, аудан әкімдігі және білім беру органдары тарапынан заңға бағынатын, бастамашыл әрі әлеуметтік белсенді жастарды тәрбиелеуге бағытталған жүйелі және дәйекті жұмысты айқын көрсетеді. Жоба алдағы уақытта да дамуын жалғастырып, құқық бұзушылықтардың алдын алу және өскелең ұрпақ бойында заңдылық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру жолындағы мемлекет пен қоғамның әріптестігін нығайта береді.