Танымал әнші Тамара Асар журналистер қауымына өкпе ренішін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әнші қазіргі таңда жеке өмірі жайлы жазуды азайтқанын алға тартты.
"Мен табиғатымда жазғанды жақсы көретін жанмын. Бұрын оқырмандарыммен ішімдегіні бүкпей сырласам деп ойлап, талай Томишимайды шимайлайтынмын. Қазір азайттым. Сайттардан көрген пайдам осы болды. Себебі соңғы кезде сығалаған сайттар, кез келген парақшадан ақпаратты алып,оны бұрмалап,айтқан әңгімемен шығарған суреттің ішек қарынын ақтарып, тоқішегін төбесіне кигізіп тақырып қылып оқырманнның тәрелкесіне “жұта сал” -деп салып береді. (Келесі фотодағы тақырып сияқты) Бейкүнә оқырман алдына келгеннің кейде не екенін көріп білместен,иісін де сезбезтен жұта салады да, әрлі-берлі комментарияны құсуға тура келеді. Сөйтіп сайттар оқырман мен тұлғаның арасында жік туғызады. Ал оқырмандар пікірлестер мен қарсыластар болып өзара жік-жікке бөлінеді. Одан өзара бет тырнасып, коментария шайқастары басталады. Сайттардың иелері мен мақаланы жазған журналистер итке сүйек тастағандай сырттан қарап мәз шығар, қаралым күшейді,коментария көбейді деп… Мен бұл процесстің маған берген зор пайдасын өз пайымдауыммен келесі постқа жазайын. Ал сіз бұл жайында не ойлайсыз? Зиян бар ма?", - деді Тамара Асар.