Бірнеше жұмыс секциясы аясында ҚР Конституциясына түзетулердің нақты бөлімдері бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Конституциялық комиссия мүшелері Ата заңның жекелеген нормаларына, баптары мен бөлімдеріне жан-жақты талдау жүргізіп жатыр. Олар ұсынылған өзгерістердің құқықтық аспектілерін талқылап, қорытынды ұсыныстар енгізуде. Конституцияның негізгі ережелеріне қатысты барлық мәселелерге ерекше назар аударылады.
