Велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Серік Сәпиевке қолдау білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Серік Сәпиевті жауапты әрі байсалды адам ретінде танимын.
Серік – дарынды әрі тәртіпке бағынған спортшы әрі басшы", – дейді спортшы.
Сонымен қатар ол Серік Сәпиевтің ел игілігі үшін жұмыс істеп жүргенін тілге тиек етті.
"БАҚ пен әлеуметтік желідегі жағымсыз жазбаларға қарамастан, шындық Серік Сәпиев жақта деп ойлаймын. Ол басында спортшы, қазір мемлекеттік қызметші ретінде ел игілігі үшін жұмыс істеп жүр. Мен сені қолдаймын, Серік!", – деп жазды Александр Винокуров.