Конституциялық комиссияның құрылуы тарихи оқиға – Ерлан Қарин

Конституциялық комиссияның құрылуы тарихи оқиға – Ерлан Қарин

Мемлекеттік кеңесші – Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Астанада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Конституциялық комиссияның құрылуын тарихи оқиға, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Сіздерді Конституциялық комиссия жұмысының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Конституциялық комиссияның құрылуын тарихи оқиға деуге болады. Қазақстан ауқымды өзгерістің, түбегейлі бетбұрыстың алдында тұр. Халқымыз ұлт жылнамасындағы жаңа кезеңге қадам басқалы отыр. Міне, осындай шешуші сәтте бізге аса маңызды миссия жүктелді. Бұл – үлкен жауапкершілік. Бүгін осы залға түрлі саланың кәсіби мамандары, тәжірибесі мол, елге белгілі азаматтар жиналған. Бәріміздің мақсат-міндетіміз – ортақ. Сондықтан, осы айрықша міндетті абыроймен атқарып шығамыз деп сенемін", – дейді Ерлан Қарин.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары