Күйеуін еске алған Роза Рымбаева тікелей эфирде жылап қалды (ВИДЕО)

/
Күйеуін еске алған Роза Рымбаева тікелей эфирде жылап қалды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева өмірі мен өнер жолы жайлы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әнші шығармашылық жолын аяқтау жайлы сөз қозғады. Бұл туралы ол "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

«Биыл өткен өмір жолым мені көп ойға қалдырды. Алғаш сахнаға жетелеп әкеліп, тәрбиелеп, бүгінгі деңгейге жеткізген жолдасым Тасқын көз алдыма келді. Сол сәтте «сахнада 50 жыл жүргенім жеткілікті шығар» деген ой да мазалады. Кейбірі айтады, жастарға орын бермейсің бе деп. Мен бұнымен келіспеймін. Ешкімнің жолын бөгеп жүрген жоқпын. Мүмкін үлкен жобаларға емес, тек концерттерге қатысып жүремін бе деген ой келді. Бірақ осы концерттердің сұранысына қарап көрермен көптен күткенін байқадым», – деді өнер иесі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары