«Миллион теңгені әңгіме қылатын қыз…»: Еркебұлан Тоқтар желідегі талқылауға нүкте қойды

/
«Миллион теңгені әңгіме қылатын қыз…»: Еркебұлан Тоқтар желідегі талқылауға нүкте қойды

Актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтардың туған күніне алған сыйлығы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жайында ол өз парақшасында жазды. Бұған Арайлым есімді қыздың Еркебқланның туған күніне арнап, бір миллион теңге ақша сыйлағаны себеп болған.

"Мынау инстаграмда кәдімгідей әңгіме болып жатыр екен. "Өткен туған күніңмен" деп салып жіберіпті. Миллион теңгені әңгіме қылатын қыз болмаған соң мен де әңгіме қылмай "жарайды, рахмет!" дей салғанмын. "Еркек емессің бе?", "Намыс қайда?" дейді адамдар", - деп жазды Еркебұлан Тоқтар.

Осылайша ол өзінің іс-әрекетін түсінідіруге тырысқан. Оның бұл жазбасына жанкүйерлері түрлі пікір білдірді.

"Жігіттер, Арайлым сияқты бола алмғандарыңа іштерін күйіп жатыр ғой", "Арайлыммен таныстыршы", "Айтса айта берсін, еркекке ақша беруге болмай ма сонда, шын көңілмен? Оның үстіне туған күнге екен", "Өздері қыздардан қарыз сұрайды немесе қатыны асырып отырған еркектер ме?", "Еркебұланға 1 млн теңге беріп, көңіл бөліп жүр ме?", "Еркебұлан, сен мықтысың" деп жазды желі қолданушылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары