Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Бахрейндегі турнирде үш медаль жеңіп алды

/
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Бахрейндегі турнирде үш медаль жеңіп алды
olympic.kz

Бахрейннің Манама қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирі аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған жарыста Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды.

U11 жас санатында қыздар арасындағы жекелей сында Адель Вебер күміс жүлдеге ие болды.

Ал U19 жас санатындағы аралас жұптық сайыста қазақстандық спортшылар Қадырғали Қабдылуахитов пен Нұрислам Қасым қола жүлде алды.

Қабдылуахитов жарыста У Ин Сюаньмен (Қытайлық Тайбэй) бірге өнер көрсетсе, Қасым Пэе Ю-Ханмен (Қытайлық Тайбэй) бірге ойнады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары