Семейде тұрғындарды алдап, 36 млн теңге алған алаяққа үкім шықты

/
Семейде тұрғындарды алдап, 36 млн теңге алған алаяққа үкім шықты
istockphoto.com

Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі мөлшердегі алаяқтық ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотталушы 2024 жылдың тамыз айынан 2025 жылдың сәуір айына дейін автокөліктерді сатып алу және қайта сату сылтауымен тұрғындарды алдап, олардан ақша мен автокөліктерді алып, оларды өз қалауы бойынша пайдаланған.

Сотталушы Семей қаласындағы автосалонның қаржы директорымен келісіп, ғимарат ішінен кеңсе алған. Онда жаңа және тебілген автокөліктерді комиссиялық негізде сатумен айналысып жатқандай кейіп танытқан.

Жәбірленушілерге келтірілген материалдық залал 36 миллион теңгеден асты.

Сот процесінде сотталушы өз кінәсін мойындап, өкінетінін жеткізді.

Сот үкімімен ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сондай-ақ сот жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалды өтеу туралы арызды қанағаттандырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары