Жаркентте баласын батареяға байлап ұрған анаға қатысты тың дерек шықты

/
Жаркентте баласын батареяға байлап ұрған анаға қатысты тың дерек шықты
видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде анасының кішкентай ұлын батареяға байлап қойып, ұрып жатқан сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Видеоны әйелдің қонаққа келген құрбысы түсірген. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, анасы баласын ванна бөлмесіндегі кранды жаппай кеткені, сол себепті астыңғы пәтерге су кеткені үшін ұрған.

Панфилов ауданының орталық аудандық ауруханасының дәрігерлері баланың денесінен соққы іздерін, теріасты гематомаларын және анасының қолынан алған жарақаттарды тіркеген.

Отбасында кәмелетке толмаған екі бала өсіп жатыр. Қазіргі таңда екі бала да қорғау мақсатында «Жанұя» орталығына орналастырылды. Материалдар қамқоршылық және қорғаншылық органдарына да жолданды. Анасы ұсталып, қамауға алынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары